Футбол
6 сәуір 2021 10:12
 
УЕФА және ФИФА футболшыларды "өлтіріп жатыр" деп айыпталды

  Пікірлер

blog.share

УЕФА және ФИФА футболшыларды "өлтіріп жатыр" деп айыпталды Сурет: eurosport

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола 2020/2021 маусымы тым ауыр құрылғанына қатысты пікір білдірді. Ол футболшылар мұндайды көтере алмайтыны айтып, УЕФА мен ФИФА ұйымын сынға алды,- деп хабарлайды "Чемпионат".

"Ойыншылар - машина емес, адам. Әрине әр матчте ойнай алмай қалса, кей футболшылардың көңілі бұзылады, бірақ, бұл мүмкін емес. Әлбетте олар ойнай алады, алайда, кез келген адамға тынығу қажет. 

УЕФА мен ФИФА футболшыларды өлтіріп жатыр, өйткені кесте тым тығыз. Маусым басталғалы бірде-бір бос аптамыз болған жоқ. Біреу де. Мұндайды моральдық та, физикалық тұрғыда да көтере алатын ойыншы жоқ. Бұл мүмкін емес", - деді маман. 

Еске салайық, оның жетекшілігімен "Манчестер Сити" 31 матчте 74 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші келеді.  Ал чемпиондар лигасының 1/4 финалында англиялық команда дортмундтық "Боруссиямен" ойнайды.

Жарнама

Живи спортом!