auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

UEFA футболды дамыту үшін Қазақстанға 14,1 миллион еуро береді

UEFA футболды дамыту үшін Қазақстанға 14,1 миллион еуро береді
Братиславада өткен 42-інші УЕФА Конгресінде бірнеше маңызды шешімдер қабылданып, рекорды сомада гранттар бөлінетіндігі жарияланған болатын.

42-інші УЕФА Конгресінен бір күн бұрын UEFA Атқару комитетінің басқосуы өтіп, онда маңызды шешімдер қабылданған екен.Соның бәрі Конресс барысында Еуропа футбол қауымдастықтары одағының құрамына кіретін 55 мемлекеттің өкілдері алдында жария етілген.

Мәселен, 2020-2024 жылдары UEFA ұлттық федерацияларға жалпы сомасы 777,5 миллион еуро қаржыны бөліп бермек. Сонда, HatTrick V деп аталатын футболды дамыту жобасы аясында әрбір елге 14,1 миллион еуро көлемінде қомақты қаржы бөлінбек. Бірақ қазір емес, жоғарыда жазғанымыздай, енді екі жылдан кейін (2020-2024 жылдар аралығында).

Бұл сома, яғни 775,5 миллион еуро қаражат – 2016-2020 жылдар аралығын қамтитын HatTrick ІV жобасының бюджетінен (600 миллион еуродан) 30% артық. Жалпы, HatTrick жобасы жүзеге асырыла бастағалы, яғни 2004 жылдан бері Еуропа футболына 1,8 миллиард еуро қаржы құйылған көрінеді.

UEFA-ның ресми сайты бұл қаржының бәрі де Еуропадағы ұлттық футбол федерацияларының спорттық және әкімшіліктік инфрақұрылымдарын жетілдіруге жұмсалады деп жазған. Осы ретте айта кетейік, HatTrick жобасы аясында Қазақстан футбол федерациясына да көмек көрсетілген. 

Естеріңізге сала кетейік, HatTrick жобасы аясында Астанада «Футбол үйі» салынып жатыр. Осы жоба негізінде төбесі жабық толық қанды футбол манежі (105х68 м), төбесі ашық үш шағын футбол алаңы, әкімшіліктік ғимарат және автотұрақ орындары салынуы керек. Осыдан екі жыл бұрын сол кездегі ҚФФ президенті Е.Қожағапанов «UEFA 8 миллион еуро аударды, ал Астана әкімдігі ауданы 3,5 га жер берді» деген болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама