Футбол
29 қыркүйек 10:04
 

УЕФА Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" - "Реал" матчіне қатысты шешімін шығарды

  Пікірлер

blog.share

УЕФА Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" - "Реал" матчіне қатысты шешімін шығарды ©"Реал" ФК

Еуропаның футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы матчқа төрешілер бригадасын бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Еуропаның футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы матчқа төрешілер бригадасын бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесуді қадағалау италиялық төрешілерге тапсырылды. Бас төреші қызметін Марко Гуида атқарады. Қапталдағы көмекшілері – Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти. Резервтік төреші міндетін Симоне Соцца орындайды. Бейнеқолдау жүйесіне (VAR) Марко Ди Белло мен Алеандро Ди Паоло жауапты болады.

Бұл "Қайрат" үшін турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы өз алаңындағы матч болмақ. Бұған дейін команда Лиссабонда "Спортингке" 1:4 есебімен есе жіберген еді. Ал "Реал" топтық кезеңдегі "Марсельге" қарсы ойынды 2:1 есебімен ұтты.

Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!