Футбол
Бүгін 11:11

УЕФА Чемпиондар лигасы жеңімпазын еуроркуббоктардан шеттеп тастауы мүмкін

©UEFA

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Францияның "Марсель" клубын 2026/27 жылғы маусымдағы еурокубоктардан шеттетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қаржылық заңбұзушылықтар және УЕФА ұстанымы

L’Equipe басылымының мәліметінше, УЕФА жақын күндері клубтың қаржылық жағдайына қатысты істі қарайды. Бұған қаржылық фэйр-плей талаптарында белгіленген шығын көлемінің асып кетуі себеп болып отыр.

Дереккөздің хабарлауынша, "Марсельдің" соңғы үш маусымдағы жиынтық шығыны шамамен 157 миллион еуроны құраған. Ал клуб 2022 жылы УЕФА-мен келісімге келіп, қаржылық тепе-теңдікті сақтауға міндеттеме алған болатын.

Келісім шарттарына сәйкес, үш жыл ішіндегі рұқсат етілген шығын көлемі 60 миллион еуродан аспауы тиіс еді. Алайда клубтың нақты көрсеткіштері бұл межеден айтарлықтай асып кеткен.

УЕФА-ның тәртіптік органдары франциялық клубқа қатысты мәселені осы аптада қарауы мүмкін.

Еурокубок лицензиясынан айырылу қаупі

Егер қаржылық талаптардың бұзылғаны ресми түрде расталса, "Марсель" келесі маусымда еурокубоктарға қатысу құқығынан айырылуы ықтимал. Бұл қатарда команда Франция чемпионатындағы нәтижесі арқылы жолдама алған Еуропа лигасы да бар.

Өткен маусымда "Марсель" Франция чемпионатында 59 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орын алған еді.

Клубтың тарихи жетістіктері

"Марсель" - Франциядағы ең атақты клубтардың бірі. Команда ел чемпионатын тоғыз рет жеңіп алған.

Сондай-ақ, прованстық клуб ұзақ жылдар бойы Чемпиондар лигасын ұтқан жалғыз франциялық команда болып келді. Олар бұл жетістікке 1993 жылы қол жеткізген еді.

Алайда жуырда бұл көрсеткіштен Париждің "Пари Сен-Жермен" клубы асып түсті. Елордалық ұжым өткен маусым қорытындысында Чемпиондар лигасының кубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport