УЕФА Чемпиондар лигасы финалын Лондонда өткізуі ықтимал

Сурет: uefa.com

Еуропалық футбол одағы (УЕФА) 2020/21 маусымдағы Чемпиондар лигасы финалын Ыстамбұлда емес, Лондон немесе Лиссабонда өткізбек, деп хабарлайды италиялық журналист Николо Скира твиттер желісінде.

Финалда "Манчестер Сити" мен "Челси" ойнайды. УЕФА матчті негізінен лондондағы "Уэмбли" стадионында өткізу жолын қарастырып отыр. 

Осыған байланысты Англияның футбол қауымдастығы УЕФА ұйымымен келіссөз бастады. Ал Түркияға УЕФА есесіне Мюнхенде өтеді деп жоспарланған 2022/23 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалын өткізу кезегін бермек. 

Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырға белгіленген.

Бастапқыда матч Ыстамбұлдағы "Ататүрк" олимпиадалық стадионында өту керек еді. Алайда коронавирус жағдайына байланысты Британия билігі Түркияны "қызыл тізімге" енгізген болатын.