Футбол
3 қыркүйек 13:56

УЕФА басшысы ресейлік командаларға қатысты мәлімдеме жасады

© UEFA

УЕФА президенті Александр Чеферин ресейлік командалардың халықаралық турнирлерден шеттелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барлығы талқыланып жатыр"

"Қараңыздар, ең алдымен, ондағы жағдай мені жеке өзіме ауыр тиіп отыр, жаныма батады. Бұны көру мүмкін емес болып кетті. Бірақ екінші жағынан, мен спортшыларға тыйым салу идеясын қолдамаймын. Спортшы үкіметіне не дей алады, қақтығысты тоқтату үшін? Бұл өте-өте қиын. Қазіргі таңда, менің түсінуімше, ресейлік командалар үш жарым жылдан бері шеттелген. Қақтығыс тоқтады ма? Жоқ. Сондықтан дәл қазір не болатынын айта алмаймын...

Мен болашақта не болатынын нақты айта алмаймын. Барлығы талқылануда, бірақ жеке өз басым спортшыларды шеттетуге қарсымын", – деп келтіреді Чефериннің сөзін Politico басылымы.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айының соңынан бастап ФИФА мен УЕФА шешімімен ресейлік клубтар мен ұлттық құрамалар халықаралық турнирлерден шеттелген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport