УЕФА президенті Александр Чеферин ресейлік футболды халықаралық аренаға қайта оралуы үшін бар күшін салып жатыр, деп мәлімдеді "Целе" клубының президенті және Ресей скейтбординг федерациясы вице-президенті Валерий Колотило, деп хабарлайды Vesti.kz.
"УЕФА басшысы, словениялық Александр Чеферин - ресейлік футболдың үлкен жанкүйері. Ол ресей футболын Еуропа аренасына қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Барлығы жақын арада жағдай өзгереді деп үміттеніп отыр", - деді Колотило.
"Біз бұл жағдайдың тұтқынымыз. Оралу - өте маңызды әрі өмірлік қажеттілік. Біз бәріміз бұрынғыдан да жақсы болатынына сенеміз. Бірақ сол сәтке дейін дайын болуымыз керек. Ресейлік клубтар да, құрамасы да халықаралық тәжірибенің жоқтығына қарамастан дамуын тоқтатпауы тиіс", - деп келтіреді Колотилоның сөзін "Чемпионат" басылымы.
Жарнама