| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 19:23
 

УЕФА "Астанаға" 55 миллион ацыппұл салды

  Пікірлер

blog.share

УЕФА "Астанаға" 55 миллион ацыппұл салды ©"Астана" ФК

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2025/26 жылғы маусымның қаржылық мониторингі қорытындысы бойынша қазақстандық "Астана" клубына ақшалай айыппұл салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2025/26 жылғы маусымның қаржылық мониторингі қорытындысы бойынша қазақстандық "Астана" клубына ақшалай айыппұл салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айыппұл салыну себебі

"Астана" футбол клубы футболдан түсетін кірістер мен құрамды ұстауға жұмсалатын шығындардың табысқа арақатынасына қатысты УЕФА талаптарын сақтамаған.

Осының салдарынан елордалық клубқа 100 мың еуро (шамамен 54,6 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Тексеру 2023–2025 қаржы жылдарын қамтыған үш жылдық кезең бойынша жүргізілді. Мониторинг барысында активтерді сату, футболшыларды айырбастау және өзара байланысты тараптар арасындағы трансферлік мәмілелер талданды.

Аталған операциялардан түскен кірістер УЕФА талаптарына толық сәйкес келмегендіктен, клубтардың қаржылық есептеріне түзетулер енгізу қажет болған.

Басқа клубтар да жазаланды

"Астанадан" бөлек, қаржылық талаптарды бұзғаны үшін Англияның "Ньюкасл", Италияның "Ювентус", Францияның "Ницца", Португалияның "Санта-Клара" және Сербияның "Партизан" клубтары да айыппұл арқалады.

Ең ірі айыппұл "Ювентусқа" салынды — 20 миллион еуро. Оның 14 миллион еуросы шартты түрде белгіленген және тек қайталанған жағдайда өндіріліп алынады.

"Ньюкасл" 10 миллион еуро айыппұл алды, оның 7 миллионы шартты.

"Ницца" мен "Санта-Клара" анықталған заңбұзушылықтардың уақытша сипатта болғанын дәлелдей алды. Француз клубы 2 миллион еуро (оның 1,7 миллионы шартты), ал португалиялық клуб 1 миллион еуро (850 мың еуросы шартты) төлейді.

"Астана" мен "Партизан" болмашы қаржылық бұзушылықтарға жол бергені үшін тиісінше 100 мың және 200 мың еуро көлемінде айыппұл арқалады.

УЕФА талаптарына сәйкес, аталған клубтар анықталған қаржылық сәйкессіздіктерді алдағы үш жыл ішінде жоюға міндеттенді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!