УЕФА әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстан құрамасының басты қаруын атап өтті
УЕФА 2022 жылғы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан құрамасының басты қаруыан атап өтті, деп жазады Vesti.kz порталы.
УЕФА 2022 жылғы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан құрамасының басты қаруыан атап өтті, деп жазады Vesti.kz порталы.
"Қосымша уақытта гол соғу - бұл енді Қазақстан құрамасының жаңа қаруына айналды. Бұл жолы Бахтиер Зайнутдинов қарсыласты қапыда қалдырды. Бұл ЦСКА футболшысы үшін де жақсы болды. Ол жарақатынан айығып, ұлттық құрамаға көмектесті.
Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы - мықты әрі қауіпті ұжымдардың біріне айналды. Әсіресе ойынның соңында. Бұрында Қазақстан үшін соңғы минуттар көп қиындық тудыратын. Ал енді қазақстандықтардың өзі матчтың тағдырын соңғы минуттарда шешіп жүр", - деп жазады УЕФА тілшісі Антон Лысяк.
Еске салайық, іріктеудің алтыншы турында Қазақстан сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Біздің құрама 95-минутта гол соғып, есепті теңестірді. Ал төртінші турда Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Украина құрамасының қақпасына да қосымша уақытта гол соқты.
Енді келесі кездесуді Қазақстан құрамасы 9 қазан күні өткізеді. Қарсыласымыз Босния және Герцоговина құрамасы.
Жарнама