"Уақытша футболшыларды" ғана жинаған қазақстандық командалар анықталды

Сурет: Footboom.kz
Қазақстандық клубтары ертеректе футболшыларға негізінен бір жылдық келісімшарт ұсынып, кейін құрамын ұзағырақ уақытқа жарақтай бастады. Осыған қарамастан ойыншыларды әлі де бір жылға ғана алатын командалар қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, "Каспий", "Оқжетпес", "Тобыл" мен "Ертіс" осы бойынша көрсеткіші 100 пайыз, бұл командадалр ойыншыларымен келісімшартты тек бір жылға ғанан жасаған.

Ары қарай "Шахтер" (22 ойыншы/97,3 пайыз), "Жетісу" (23/95,1), "Қызыл-Жар СК" (26/89,1), "Тараз" (22/88), "Қайсар" (20/78,3), "Ордабасы" (22/72,6), "Астана" (17/62,4), "Қайрат" (12/41,3).

Осылайша, премер-лигадағы клубтар арасында "Қайрат" пен "Астана" ғана құрамын ұзақ уақытқа жарақтауға тырысқан.