Туыстары азапталады. Иран ойыншыларына АҚШ-пен матч алдында қысым көрсетілуде

©tasnimnews.com

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы АҚШ-пен матч алдында Иран құрамасы футболшыларының туыстарына қысым көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды "Чемпионат".

Егер футболшылар ойын алдында өздерін "дұрыс ұстамаса" олардың туыстары түрмеге қамалып, азапталатыны айтылды. 

Ислам революциясы сақшылары корпусының он шақты офицері Иран командасының футболшыларын жіті қадағалап жүр екен. Ойыншыларға құрама жайғасқан орыннан шығып, шетелдіктермен сөйлесуге тыйым салынған. 

Иран - АҚШ матчі бүгін түнгі 01:00-де басталады. Тікелей трансляцияны мына жерден тамашалай аласыз. 

В тобында төрт ұпаймен Англия көш бастап тұр. Екінші орындағы Иран еншісінде үш балл. АҚШ-та екі ұпай. Ал Уэльс бір ұпаймен топта соңғы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport