Франция футбол құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы турда Түркияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бордо қаласында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері 49-минутта Эмирхан Топчудың автоголы нәтижесінде алға шықты. Ал 80-минутта Эли Жуниор Крупи Франция құрамасының басымдығын еселей түсті. Тек 90-минутта Абдүлкерим Бардакджы бір голдың қарымтасын қайтарды.
Осы жеңістің арқасында Зинедин Зидан шәкірттері 13 ұпай жинап, топта бірінші орынмен турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Ал алтыншы рет жеңілген Түркия құрамасы топта соңғы орынға тұрақтады. Егер 16 қарашада Сербия Грекиядан ұтылмаса, түріктер тікелей В лигасына түседі.
Бельгия құрамасы топта екінші орын алып, ширек финалға өтті. Ал Италия үшінші сатыға жайғасып, А лигасындағы орнын сақтап қалды.
Алты турдан кейінгі А лигасының 1-тобындағы жағдай:
Франция – 13 ұпай;
Бельгия – 12 ұпай;
Италия – 10 ұпай;
Түркия – 0 ұпай.