Түркиялық команда қыста Криштиану Роналдуды сатып алмақшы

©skysports.com

"Галатасарай" командасы қысқы трансфер кезінде шабуылшы Криштиану Роналдуды сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Fotomac порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "Галатасарай" командасы шабуылшыға жазғы трансфер кезінде де қызығушылық білдірген. Бірақ ол кезде түркиялық команда оны қатарына қоса алмады. Себебі Роналду ол кезде Чемпиондар лигасында ойнайтын командаларды қарастырды. 

Енді қысқы трансфер кезінде "Галатасарай" командасы Криштиануды қатарына қосу үшін бюджетіндегі қол жетімді барлық ақшаны пайдаланбақшы.

Айта кетейік, бұған дейін Роналдудың қысқы трансфер уақытында "Манчестер Юнайтедтен" кетуі мүмкін деген ақпарат шықты. Шабуылшының кетуіне команданың бас бапкері Эрик тен Хаг та рұқсатын берген. 

Еске салайық, Криштиану "МЮ" сапына 2021 жылы қайтып келген болатын. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport