Түркиялық клуб Қазақстан құрамасының футболшысына байланысты мәлімдеме жасады
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель жарақат алып қалды. Бұл туралы "Газиантеп" командасының баспасөз қызметі хабарлады.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель жарақат алып қалды. Бұл туралы "Газиантеп" командасының баспасөз қызметі хабарлады.
Клуб таратқан ақпарат бойынша, бұл жарақатынан кейін футболшы жаттығуды ерте аяқтаған. Медициналық тексерістен кейін Меркельдің оң аяғынан жарақат алынғаны анықталды.
Еске салайық, Меркель "Газиантеп" сапын 19 тамыз күні ауысып, "2+1" жүйесі бойынша келісімшарт жасады. Сол уақыттан бері ол Түркия чемпионатында 11 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
"Газиантепке" ауысарға дейін жартылай қорғаушы Сауд Арабия біріншілігіндегі "Аль-Фейсали" командасының намысын қорғады. Сондай-ақ, отандасымыз италиялық "Милан", "Дженоа", "Удинедзе" және "Пиза", нидерландылық "Хераклес", аустриялық "Адмира", германиялық "Бохум", швейцариялық "Грассхопперс", ағылшындық "Уотфорд" командаларында өнер көрсетті.
Жарнама