Түркиялық клуб "Атыраудың" бұрынғы ойыншысына көз тігіп отыр

Сурет: "Атырау" ФК
"Атырау" клубының бұрынғы ойыншысы Бабатунде Адениджи карьерасын Түркияның бірінші лигасындағы "Менеменспор" командасында жалғастыруы мүкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келесі жылы жоғары лигаға шығуды көздеп отырған түркиялық клуб нигериялық форфардты сапына алуды басты мақсат еткен. 

24 жастағы Адениджи былтырдан бері венгериялық "Дебрецен" сапында ойнайды. Футболшының келісімшарты бір жылға жасалған. Шабуылшы бұрын кувейттік "Аль-Наср", болгариялық "Левски", нигериялық "Саншайн Старз" бен "Райзинг Старз" сапында өнер көрсеткен.

"Атырау" командасында 2018 жылы ойнап, ҚПЛ-дегі 30 матчте сегіз гол салды және төрт нәтижелі пас берді. 2015 пен 2016 жыл аралығы Нигерия құрамасы үшін төрт матч өткізді. Оған дейін жастар құрамасында болған.

Transfermarkt мәліметінше, нигериялық футболшының трансферлік құны 325 мың еуро.
Жаңалықтар