Түркиядағы қонақүйде орыс пен украиналық футболшылары төбелескен
Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын Түркияның Анталья қаласында өткізіп жатқан Ресейдің "Шинник" және Украинаның "Минай" клубтарының ойыншылары қонақүйде жаға жыртысқан. Бұл туралы Telegram-дағы "База" арнасы хабарлады.

13 ақпан күні кешкісін украин футболшылары ресейлік ойыншылардан Украина әнұранын айтуды талап еткен, ал орыстар мәселені "көшеде шешуді" ұсынған. "База" арнасы кейіннен украиндер орыстарға "Ресей режиміне қарсы не үшін наразылыққа шықпайсыңдар" деп сұрағаннан кейін дау-жанжал туындады деп жазды.
Дау-жанжалдың неден туындағанын екі клуб өкілдері екі түрлі түсіндіреді. Ақпараттарға сенсек, алғашқы кикілжіңнен кейін ресейлік клубтың бір ойыншысы лифтіге украиналық команда футболшыларымен бірге кіріп қайта жанжал туған. Лифт ашылған кезде төбелеске "Шинник" командасындағылар қосылған. Нәтижесінде екі команданы полиция қызметкерлері мен қонақүй қызметкерлері ажыратқан.
Украиналық кей басылымдардың жазуынша, кикілжің қонақүй қызметкеріне дөрекілік көрсеткен ресейлік футболшыға украиналықтар ескерту жасағаннан кейін туындапты. "Минай" клубы да осы нұсқаны ұстанып, ресми мәлімдеме жасады.
Жарнама