Түркия тізімде жоқ болғанымен Еуро-2020 турнирін толықтай өзі өткізуге ниетті

Сурет: FootBoom
Түркия Еуро-2020 чемпионатын өз күшімен өткізу туралы УЕФА-ға ұсыныс жасады, - деп хабарлайды AS.

Түркияның футбол федерациясы ел президенті Режеп Эрдоғанның УЕФА басшысы Александер Чеферинмен жақсы қарым-қатынасына үміттеніп отыр. Дегенмен бұл да түріктерге көмектеспеуі мүмкін, өйткені, УЕФА турнирді кейінге шегермек. 

Еске салайық, Еуро-2020 турнирі 12 маусым мен 12 шілде аралығы 12 елде өту керек болған. Ол елдер қатарында Түркия жоқ. Қазір бұл жарыс коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілуі ықтимал.