Нидерланды мен Түркия құрамалары Еуро-2024 турнирінің жартылай финалына жолдама үшін матч өткізді.
Командалар 1/4 финалдық ойынды Берлиндегі "Олимпиаштадионеде" өткізді.
35-минутта Түркия құрамасының орталық қорғаушысы Самет Акайдын баспен гол салды.
Нидерланды 70-минутта орталық қорғаушы Стефан де Врейдің күшімен есепті теңестірді.
76-минутта Коди Гакпо голландиялықтардың есебін еселеді.
Осылайша, Рональд Куман жаттықтыратын команда Еуроның 1/2 финалына өтіп, енді Англиямен ойнайды. Өзге матчте Испания мен Франция кездеседі.