Түркия мен Италия футболдан Еуропа чемпионатын өткізеді

©UEFA.com

Футболдан 2032 жылғы Еуропа чемпионаты Түркия мен Италияда өтеді. Бұл туралы журналис Николо Скира twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Ақпарат дереккөзі бойынша, жарысты ұйымдастыруға ниет білдіргендер қатарында Түркия мен Италия ғана қалған. Екі қарт құрлықтың басты додасын бірлесіп өткізгісі келеді. Ресей елі жарысты ұйымдастыруға құлықты болғанмен, үміткерлер тізімінен шығарылған. 

Жарысты өткізетін ел ертең Швейцарияның Ньон қаласында өтетін UEFA отырысында анықталады. Содан кейін ресми түрде хабарланатын болады. 

Айта кетейік, футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты Ұлыбритания мен Ирландияда өтеді. Бұл туралы да 10 қазан күні ресми түрде ақпарат жарияланады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport