Түркия құрамасының ойыншысы Еуро антирекордын орнатты

Сурет: Sport.ua

Футболдан Еуро-2020 турнирі басталды. Бұл жарыстың бірінші ойнында Түркия мен Италия құрамалары кездесу өткізді. 

Римдегі "Стадио Олимпико" стадионында өткен ойында 3:0 есебімен Италия ұтты.

Бірінші гол 53-ші минутта салынды, түркиялықтардың қорғаушысы Мерих Демирал абайсызда допты өз қақпасына салды. Sport24 мәліметінше, ол бірегей антирекорд орнатты - Еуро тарихында бірінші рет бірінші салынған доп автогол болды. 

Италия үш ұпай жинап, А тобында көш бастады. Бұл топта Швейцария мен Уэльс бар, бұл командалар 12-маусымда ойнайды. 16-маусымдағы келесі айналымда Түркия құрамасы Уэльспен, ал Италия командасы Швейцариямен ойнайды.

Жаңалықтар