Футболдан Түркияның ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің C жолының финалдық шешуші матчында Косово құрамасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Приштина қаласындағы "Фадиль Вокри" стадионында өтіп, қонақтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды 53-минутта Керем Актюркоглу соқты.
Осылайша, Түркия құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтіп, D тобында Парагвай, Аустралия және АҚШ құрамаларымен ойнайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.