Жарнама

Футбол
Бүгін 09:07
 

Түркия жалғыз голмен әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті

  Пікірлер

blog.share

Түркия жалғыз голмен әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті ©Х платформасынан алынды

Футболдан Түркияның ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің C жолының финалдық шешуші матчында Косово құрамасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Футболдан Түркияның ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің C жолының финалдық шешуші матчында Косово құрамасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу Приштина қаласындағы "Фадиль Вокри" стадионында өтіп, қонақтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды 53-минутта Керем Актюркоглу соқты.

Осылайша, Түркия құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтіп, D тобында Парагвай, Аустралия және АҚШ құрамаларымен ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!