Түркия чемпионатында XXI ғасырда жаңа чемпион болуы мүмкін

©vseprosport

Түркия біріншілігінде ойнайтын "Трабзонспордың" чемпион атанауына бір жеңіс қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қатарынан төрт турда жеңіске жете алмай жүрген "Трабзонспор" клубы 34-турда қонақта "Адана Демирспордан" басым түсті. Есеп 1:3.

Осылайша, маусым соңына дейін қалған матчтарда Абдулла Авджы ойыншылары "Антальяспор", "Хатайспор", "Алтай" және "Ыстамбұл Башакшехир" командаларының бірін ұтқан жағдайда уақытынан ерте чемпион атануы мүмкін.

Әзірге команда 76 ұпаймен бірінші орында келеді. 65 ұпай еншілеген "Фенербахче" екінші орынға жайғасқан. Ал 64 балл жинаған "Коньяспор" үшінші орында тұр.

"Трабзонспор" Түркия Суперлигасында топ жарған жағдайда араға 38 жыл бұрынғы жетістігін қайталайды. Команда соңғы рет 1984 жылы чемпионатта жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport