Туринге оралған Роналду оқшаудан кейін "Ювентуспен" жаттығуын бастайды

Сурет: XSPORT.ua
Португалиялық форвард Криштиану Роналду Италияға оралды. Бұл туралы TMW журналисті Джованни Альбанезе "Твиттер" желісінде хабарлады. 

35 жастағы футболшы наурызда карантинге байланысты А сериясы тоқтағандықтан туған Мадейра аралына оралған. Осылайша, Туринге қайтып келген Роналду он төрт күн үйінде оқшауланады, осыдан кейін ғана "Ювентус" базасында жаттыға алады. 

Алдағы күндері "Ювентус" базасына басқа да легионерлер келуі керек - Гонсало Игуаин, Дуглас Коста, Алекс Сандро, Данило, Войчех Шченсны, Адриен Рабьо, Сами Хедира, Маттейс де Лигт пен Блез Матюиди.

Еске салайық, 4 мамырда Италияда жекелей жаттығуға болады, ал 18-нен командалық жаттығуларға рұқсат етіледі. 

Жаңалықтар