"Тұранның" үздік сұрмергені командадан кетті

©"Тұран" ФК

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, 22 жастағы нигериялық шабуылшы Стэнли Нкоби түркістандық "Тұраннан" кетті.

Нигериялық шабуылшының келісімшарт мерзімі аяқталды. Түркістандық клуб футболшымен еңбек келісімін ұзартпау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Стэнли Нкоби еркін агент атанды. Беделді Transfermarkt порталы оның құнын 200 мың еуроға бағалап отыр.

Нкоби "Тұранға" 2020 жылдың қаңтарында қосылды, ол кезде клубтың атауы "Арыс" еді. Ол түркістандық клубтың жейдесінде 33 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда шабуылшы Премьер-лигада 16, Қазақстан кубогінде 5 ойын өткізген. Ол бес гол соғып, маусымды команданың үздік бомбардирі ретінде аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: