"Тұран" ФК спорт директоры Фархадбек Ирисметов клубтан кеткенін хабарлайды.
"Тұран" басшылығы қос тараптың келісімі бойынша Фархадбек Ирисметовпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.
"Осы төрт айда үлкен тәжірибе жинадым."Тұранға" осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін рақметімді айтамын. Спорттық жағынан да, тұрмыстық жағынан да жылулықпен еске алатын уақыт үшін рахмет", – деді Фархадбек Ирисметов.
-"Біз Фархадбек Ирисметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, кәсіби мансабына тек сәттілік тілейміз", - делінген клубтың мәлімдемесінде.