"Тұранның" бас бапкері қызметінен кетті

24 қыркүйек 2021 20:28
©"Тұран" ФК

Абдіхалық Бөрібаев "Тұран" командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бапкердің өзі денсаулығына байланысты қыркүйекте отставкаға кету туралы өтініш жазған. Бүгін бұл өтініш қабылданған. 

Бөрібаев команданың бас бапкері ретінде үш маусым өткізді. Маман команданы Екінші лигада ойнап жүрген кезінде қолға алып, Бірінші лигаға, кейін Премьер лигаға алып шықты. 

Сонымен қатар, өз еркімен командадан Кулдош Ешшанов пен Фархадбек Ирисметов кеткен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: