Түркістандық "Тұран" команданың бас бапкері тағайындалғанын хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түркістандық команданың тізгінін Сергей Когай ұстады.
Осыған дейін 55 жастағы қазақстандық маман "Қайсар" мен "Ордабасыны" жаттықтырған. Футболшы ретінде "Қайрат", "Қайсар", "Яссы", "Скиф-Ордабасы", "Тараз" және басқа командалардың намысын қорғаған.