Түркістандық "Тұран" футбол клубы бразилиялық Жоалисон Сантос Оливейрамен келісімшарт жасасты.
31 жастағы вингердің кейінгі командасы Польшаның Экстраклас лигасында бақ сынайтын "Радомяк" клубы болды.
Сондай-ақ, Бразилияда "Кампиненсе", "Витория", "Рио Прета" және "Сан-Бернарду", Португалияның "Тондела", "Фреамунде", Молдованың "Зимбру", "Шериф", "Политехника"' Латвияның "Вентспилс», Румынияның «Херманнштадт", "Вииторул", Бахрейннің "Әл-Риффа" командаларында доп тепкен.