| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 06:57
 

Тунисті ұтқан Нидерланды ӘЧ-2026-ның плей-оффына бірінші орынмен өтті

  Пікірлер

blog.share

Тунисті ұтқан Нидерланды ӘЧ-2026-ның плей-оффына бірінші орынмен өтті ©instagram.com/onsoranje

Нидерланд құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне F тобының жеңімпазы ретінде өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Нидерланд құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне F тобының жеңімпазы ретінде өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Топтық кезеңнің соңғы турында Роналд Куман шәкірттері Тунис құрамасын 3:1 есебімен ұтты.

Кездесудің есебі 3-минутта ашылды. Тунис жартылай қорғаушысы Эльес Шкиридің автоголынан кейін Нидерланд алға шықты. Араға төрт минут салып шабуылшы Брайан Бробби есеп айырмасын екі допқа жеткізді.

Екінші таймда тунистіктер қарымта қайтарды. 54-минутта шабуылшы Хазем Мастури есепті қысқартты. Алайда 62-минутта қорғаушы Ян Паул ван Хекке Нидерландтың үшінші голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 3:1.

Осылайша, Нидерланд құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинап, F тобында бірінші орынға ие болды және плей-офф жолдамасын иеленді.

Бұған дейін нидерландтықтар Жапониямен 1:1 есебімен тең түсіп, Швецияны 5:1 есебімен ойсырата жеңген еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!