Тұманды Альбионда Роналдудың басқа үйге не себепті көшкені белгілі болды

16 қыркүйек 2021 16:26
©reuters

"Манчестер Юнайтедке" қайта ауысып келген Криштиану Роналду отбасымен бірге басқа үйге көшуге мәжбүр болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

Араға бірнеше жыл салып Тұманды Альбионға қайта оралған португалиялық шабуылшы алғашында құны 7 млн фунт стерлинг тұратын зәулім үйде тұрған. Алайда көрші үйдің қой-ешкілері түнде ұйқы бермегендіктен, басқа пәтерге көшуге тура келген. Оның үстіне Роналдуға осыған дейін тұрған үйдің қауіпсіздік жүйесі ұнамаған.

Енді португалиялық ойыншы құны екі есе арзан тұратын Чешир графтығындағы кішігірім үйге көшіп келді. Ол үйде бассейн мен төрт көлік сиятын гараж орналасқан. Сонымен қатар кішігірім кинотетар бар.

Еске салайық, Англия чемпионатының төртінші турында "Ньюкаслмен" өткен матчта алғашқы минуттан бастап алаңға шыққан Роналду дубль авторы атанып, МЮ 4:1 жеңіске жетті. Ал Чемпиондар Лигасының бірінші кездесуінде шабуылшы есеп ашқанымен, "қызыл сойқандар" қонақта "Янг Бойзға" 1:2 есебімен жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар