Футбол
Бүгін 13:48

"Түкіргенім бар". ӘЧ-2026-дан шығып қалған Нидерландының бапкері мәлімдеме жасады

©"Барселона" ФК

Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман 2026 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалуына қатысты айтылған сынға қатаң жауап беріп, деп хабарлайды Vesti.kz.

Куман сыншыларға жауап берді

Марокко құрамасынан жеңілгеннен кейін маманнан ұлттық құраманың тактикасына қатысты айтылған сынға пікір білдіру сұралды. Куман ойын үлгісін өзгерткенімен, бәрібір сынның тоқтамағанын атап өтті.

"Бүкіл Нидерланды біз бес қорғаушымен ойнау керек екенімізді айтты. Біз дәл солай жасадық, бірақ, бәрібір сынға ұшырадық. Тағы да қайталаймын: мынға түкіргенім бар", – деді Куман, оның сөзін "Чемпионат" келтіреді.

Нидерланд құрамасы турнирден қалай шығып қалды

Нидерланд құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін 1/16 финал кезеңінде аяқтады. Мароккомен өткен матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында африкалық команда 4:3 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша, Марокко құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтсе, Нидерланд құрамасы жарыспен қоштасты.

Айта кетейік, әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады. Қазіргі әлем чемпионы - Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport