Футбол
Бүгін 10:48

Тухельдің "қастандығы". Англия футболшылары ӘЧ-2026-дан шығып қалғанан кейін бапкерге қарсы шықты

©Depositphotos/actionsports

Англия құрамасында бас бапкер Томас Тухельдің 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы Аргентинаға қарсы тактикалық өзгерістеріне қатысты келіспеушілік туындады, деп хабарлайды Vesti.kz The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

Футболшылар Тухельдің тактикасын қолдамады

Дереккөздің мәліметінше, команданың бірқатар ойыншысы 55-минутта есеп ашқаннан кейін германиялық маманның шабуылды жалғастырудың орнына қорғанысқа басымдық беру туралы шешіміне таңғалған.

Футболшылардың пікірінше, Аргентина құрамасы қорғаныста бос аймақтар қалдырған және осыны жылдам қарымта шабуылдар арқылы тиімді пайдалануға мүмкіндік болған.

Алайда Тухель 72-82 минуттар аралығында алаңға бірден үш қорғаушыны шығарып, минималды басымдықты сақтап қалуды көздепті. Басылымның жазуынша, дәл осы шешім команда ішінде түсінбеушілік туғызған.

Англияны қола жүлде үшін матч күтіп тұр

Соған қарамастан Англия құрамасы жеңіс есебін сақтап қала алмай, Аргентинадан 1:2 есебімен ұтылып, финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Енді Томас Тухель шәкірттері әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Франция құрамасымен кездеседі.

Матч 19 шілдеде АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласындағы "Хард Рок" стадионында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport