Футбол
2 қазан 2020 16:00

ЦСКА Зайнутдиновтан кейін "Ростовтан" тағы бір футболшыны сатып алмақшы

Матиас Норманн. Сурет "Ростов" сайтынан алынды.
Мәскеулік ЦСКА командасының бас бапкері Виктор Гончаренко командаға Матиас Норманнды сатып алмақшы. Бұл футболшы үшін "Ростов" командасы 25 миллион еуро сұрап отыр. 

Бұған дейін ЦСКА командасы "Ростовқа" норвегиялық легионерге байланысты 11 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған. Бірақ Metaratings.ru ақпараты бойынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды екен. 

Норманнды командаға Гончаренконың өзі шақырғысы келіп отыр. Сол үшін де мәскеулік команда жартылай қорғаушы үшін тағы да ұсыныс жасамақшы. 

24 жастағы Норманн "Ростов" сапына 2019 жылдың қаңтарында "Брайтон" командасынан 1,7 миллион еуроға ауысып келді. Қазіргі уақытта Transfermarkt басылымы бұл футболшыны 7,5 миллион еуроға бағалап отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін "Ростов" сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов та ойнаған еді. Отандасымыз 25 тамыз күні ЦСКА сапына ауысып кетті.