ЦСКА Зайнутдиновке бәсекелес болатын футболшы сатып алды

©ЦСКА

Бразилиялық орталық қорғаушы Виллиан Роша португалиялық "Портимоненсе" командасынан ЦСКА сапына ауысты, деп хабарлайды мәскеулік команданың баспасөз қызметі. 

27 жастағы қорғаушы Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтің бәсекелесі болады. 

"Роша медициналық тексерістен сәтті өтіп, ЦСКА командасымен 2025 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасады. 

Бразилиялық қорғаушы Сергей Игнашевич карьерасын аяқтағаннан кейін бос тұрған 4-нөмірмен өнер көрсетеді", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар