Алматылық "Қайрат" командасының шабуылшысы Вагнер Лав карьерасын мәскеулік ЦСКА-да жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Transfermarkt хабарлады.
"ЦСКА Вагнер Лавты қайта қатарына қосуға дайын. Клуб бразилиялық шабуылшыға маусым соңына дейін ойнауға келісімшарт ұсынбақ. Кейін ол ұжымның қатарында жұмыс істеуі де мүмкін", - деп жазады дереккөз.
Еске салайық, бұған дейін Вагнер маусым аяқталғаннан кейін "Қайраттан" кететінін мәлімдеді. Ол алматылық команда сапында 2020 жылы ауысып келіп, Қазақстан чемпионы атанған болатын.
Жалпы шабуылшы "Қайрат" сапында 55 кездесуге қатысып, 24 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.