ЦСКА-ның бұрынғы футболшысы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін
Мәскеулік ЦСКА мен алматылық "Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Седрик Гогуа Қазақстан чемпионатына қайта оралуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мәскеулік ЦСКА мен алматылық "Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Седрик Гогуа Қазақстан чемпионатына қайта оралуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, футболшымен "Тұран" командасы келіссөз жүргізуде.
27 жастағы ивуарлық футболшы өткен маусымның соңында ЦСКА командасынан кеткен болатын. Ол мәскеулік команда сапында төрт кездесу өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ, Гогуа "Ротор" сапында жалда ойнады.
Ал оған дейін ол "Қайратта" ойнады. Бірақ негізгі құрамға іліге алмады. Алматылық команда сапында 2018 жылы тек бір кездесу өткізіп, клубтан кетті.
Еске салайық, жуырда "Тұранның" тізгінін ресейлік маман Владимир Газзаев ұстады. Одан бөлек, түрікстандық команда сапына Азат Нұрғалиев пен тағы бірнеше футболшы қосылды.
Жарнама