ЦСКА командасының бұрынғы бас бапкері Иваца Олич "Чемпионат" басылымына үлкен сұқбат беріп, мәскеулік клуб сапынан неге кеткенін айтты. Сұқбат барысында ол команданың бапкерлер құрамасына қазақстандық Григорий Бабаянның қалай келгені жайлы шындықты айтты.
- Сізге Бабаянды қызметке алу туралы ұсыныс түсті ме?
- Бабаянды командаға мен кеткеннен кейін шақырды. Бірақ оны шақыру туралы шешім әлдеқашан шығарылып қойған сияқты. Ол туралы мен мүлде ештеңе айта алмаймын. Бұл туралы Бабаев не Березуцкий білулері мүмкін. Ал маған ол туралы ештеңе айтпады.
- Егер сізді ЦСКА қайта шақырса, келесіз бе? Мәселен келесі жылы ...
- Осы басшылық шақырса ма?
- Иә
- Жоқ. Ешқашан келмеймін.
- Ал егер Бабаев кетсе ше?
- Әрине. ЦСКА - жақсы команда. Алдағы уақытта команданы жақсы жағына өзгертетін мамандар келеді деп ойлаймын. Менің қоластымда жігіттердің нашар ойнауына команда кінәлі емес. Барлығы басшылықтың дұрыс әрекет жасамағанын көрді, оқыды. Егер мені нәтиже үшін қуып жіберсе, онда әңгіме басқаша болатын еді. Мен тек өз жұмысымды істеп, клубтың ішкі саясатына араласқым келмеді. Ұлттық құрамаға барып келуімді сұрады. Олар рұқсат берді. Ары қарай не болғанын білесіз ...
Еске салайық, ЦСКА сапына ауысарға дейін Бабаян Қазақстанда "Тобылды" жаттықрытды.