Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін мәскеулік ЦСКА командасы уругвайлық қорғаушы Хоакин Соса құқығының біраз бөлігін сатып алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Журналист Гонсало Рончидің ақпараты бойынша, мәскеулік команда өткен маусымды "Ливерпуль" сапында өткізген, бірақ "Насьональ" командасына тиесілі қорғаушының 70 пайыз құқығын сатып алды.
Сосаның "Насьональ" командасымен келісімшарты 2023 жылдың соңында аяқталады. Transfermarkt порталының ақпараты бойынша, қорғаушының трансфер нарығындағы құны 500 миллион еуро екен.