Мәкеулік ЦСКА тәлімгері Виталий Жиронкин 2021/22 жылғы маусым басын жалға алу құқымен астрахандық "Волгарьда" өткізсе, маусымның екінші бөлігінде мәскеулік "Қайратта" өнер көрсетеді, деп хабарлайды "әскерилердің" баспасөз қызметі.
ЦСКА мен "Волгарь" екі жақты келісімді тоқтатқан. Жиронкин "Волгарь" сапында 10 матчте ойнап, бір гол салған.
Айта кетейік, мәскеулік "Қайрат" Ресейдің үшінші деңгейлі - ҰФЛ-2 лигасында өнер көрсетеді. 14 қаңтарда командаға жаңа бапкер тағайындалды.