"Црвена Звезданың" бұрынғы қақпашысы "Ақтөбемен" келіссөз жүргізуде

©"Оқжетпес" ФК

Сербиялық қақпашы Саша Стаменкович карьерасын "Ақтөбе" командасында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлайды. 

Бұл бағана күзетшіге "Ақтөбенің" бас бапкері Владимир Мухановтың өзі қызығушылық білдіріп отыр. Бұған дейін 36 жастағы қақпашы Қазақстан чемпионатында "Оқжетпес" командасының намысын қорғаған. 

Сонымен қатар Стаменкович өз карьерасында сербиялық "Црвена Звезда", әзірбайжандық "Нефтчи" командалараның намысын қорғаған. Оның әзірге карьерасындағы соңғы команда бакулік "Сабах" командасы болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: