Сербиялық "Црвена Звезда" клубының бапкерлер штабы Чемпиондар лигасы екінші іріктеу раундында алматылық "Қайратпен" матчке құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Командалар арсындағы бірінші ойын 21 шілде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Espreso мәліметінше, бұл ойынға Деян Станкович келесі ойыншыларды алып барады:
Қақпашылар: Милан Борян, Зоран Попович, Милош Гордич;
Қорғаушылар: Марко Гобельич, Срджан Бабич, Милан Родич, Милан Гайич, Радован Панков, Милош Дегенек, Страхинья Эракович, Александар Драгович;
Жартылай қорғаушылар: Гелор Канга, Мирко Иванич, Негош Петрович, Велько Николич, Желько Гаврич, Секу Саного, Александар Катаи, Славолюб Срнич, Аксель Бакайоко, Никола Станкович, Филиппо Фалько, Ненад Крстишич;
Шабуылшылар: Милан Павков, Эль Фарду Бен, Никола Крстович, Луис Диони.
Қарымта кездесу 29 шілде Белградта өтеді.