"Црвена Звезда" Алматыға Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен" матчке келді

Сурет: "Црвена Звезда" ФК

Сербиялық "Црвена Звезда" клубының ойыншылары мен бапкерлер штабы Алматыға келді. Бүгін белградтық команда Чемпиондар лигасы іріктеу раундының екінші туры аясында жергілікті "Қайратпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орталық сатдионда өтетін матч 20:00-де басталады. Тікелей трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Бұл ойынға сербиялықтардың бапкері Деян Станкович мына футболшыларын алып келді:

Қақпашылар: Милан Борян, Зоран Попович, Милош Гордич.

Қорғаушылар: Марко Гобельич, Срджан Бабич, Милан Родич, Милан Гайич, Радован Панков, Милош Дегенек, Страхинья Эракович, Александар Драгович.

Жартылай қорғаушылар: Гелор Канга, Мирко Иванич, Негош Петрович, Велько Николич, Желько Гаврич, Секу Саного, Александар Катаи, Славолюб Срнич, Аксель Бакайоко, Никола Станкович, Филиппо Фалько, Ненад Крстишич.

Шабуылшылар: Милан Павков, Эль Фарду Бен, Никола Крстович, Луис Диони.

Қарымта кездесу 29 шілдеде Белградта өтеді.

Жаңалықтар