"Циклді аяқтап жаңаруымыз қажет". "Барселона" президенті алдағы өзгерістер жайлы

Сурет: Fox Deportes

"Барселона" президенті Жоан Лапорта каталондық клубта өзгеріс жасау керегін мойындады. 

"Маусым соңында командаға ойын мен көрсеткен нәтижесіне қарай баға беретінімді айтқанмын. Біз Испания кубогын жеңіп алдық және оны мақтан тұтамыз. Бірақ Чемпиондар лигасынан ерте шығып қалдық және Ла Лигада ұтылдық. 

Келесі аптада бірқатар шешім қабылдаймыз. Оларға қатысты пікір білдіреміз. Команда Чемпиондар лигасы мен чемпионатта жеңіп отыру үшін талмай және нәтижелі еңбек ету қажет. Бізге циклды аяқтап, жаңару қажет деп есептеймін", - деп береді Лапортаның сөзін "Спорт-Экспресс" сайты Marca-ға сілтеме жасап.