Футбол
Бүгін 13:02

"Тірідей жеймін". Ямаль "Реалдың" ойыншысымен текетірес жайлы

©Depositphotos/mrogowski_photography

"Барселона" клубының вингері Ламин Ямаль Испания құрамасындағы әріптесі, осы жазда мадридтік "Реалдың" ойыншысы атанған Марк Кукурельямен болатын текетірес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сол қапталдағы қорғаушы жаздың басында-ақ "корольдік клубпен" келісімге келген болатын. Алайда оның "Челсиден" "Реалға" ауысқаны ресми түрде әлем чемпионаты басталғаннан кейін жарияланды.

"Мен Кукурельяға алғашқы "эль класикода" негізгі құрамда алаңға шығатынын айттым. Бірақ екіншісіне шыға алмайды, өйткені мен оны тірідей жеймін", – деп береді Ямальдың сөзін The Touchline.

Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, 27 жастағы Кукурельяның трансфері бонус төлемдерін қоса есептегенде "Реалға" 60 миллион еуроға түскен.

Бір қызығы, "Барселона" академиясының түлегі Кукурелья каталондық клубтың негізгі құрамында тұрақтай алмай, кейін карьерасын басқа командаларда жалғастырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport