Футбол
Кеше 18:52

Transfermarkt Франция чемпионатында қымбаттаған футболшылар тізімін жариялады

©"Ренн" ФК

Transfermarkt порталы Франция чемпионатындағы футболшылардың нарықтық құнын жаңартып, қымбаттаған ойыншылар рейтингін түзді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Cтатистикалық дереккөз ақпараты бойынша "Ренн" қорғаушысы Жереми Жакенің нарықтық құны 35 миллион еуроға өскен. Одан кейінгі орындарға "Ланс" ойыншылары Мамаду Сангаре мен Робен Риссер жайғасқан. Олардың нарықтық құны 15 миллион еуроға өскен.

1. Жереми Жаке (Ренн) – 55 млн еуро (+35 млн)
2. Мамаду Сангаре (Ланс) – 30 млн еуро (+15 млн)
3. Робен Риссер (Ланс) – 25 млн еуро (+15 млн)
4. Тилель Тати (Нант) – 22 млн еуро (+13 млн)
5. Самсон Байду (Ланс) – 22 млн еуро (+13 млн)
6. Алексис Восса (Тулуза) – 15 млн еуро (+12 млн)
7. Руди Матондо (Париж) – 15 млн еуро (+12 млн)
8. Мартиаль Годо (Страсбург) – 18 млн еуро (+11 млн)
9. Уоррен Заир-Эмери (ПСЖ) – 60 млн еуро (+10 млн)
10. Айюб Буадди (Лилль) – 50 млн еуро (+10 млн)

Осылайша соңғы жаңартуда ең үлкен өсім Жереми Жакеге тиесілі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport