Футбол
Бүгін 09:27

Трансферлік бомба! "Манчестер Сити" аргентиналық ойыншы үшін 140 миллион бергелі тұр

©depositphotos.com/operations@newsimages.co.uk

"Манчестер Сити" жартылай қорғау шебінде үлкен өзгеріс жасауды жоспарлап отыр. Англиялық клуб "Челсидің" аргентиналық жартылай қорғаушысы Энцо Фернандесті сатып алуға ниетті. Сонымен қатар "қалалықтар" Нико Гонсалеспен қоштасуға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Итальяндық журналист Джанлука Ди Марционың мәліметінше, екі трансфер бойынша да келіссөздер соңғы кезеңге жеткен екен.

"Манчестер Сити" Фернандестің трансферін осы аптада аяқтауды көздеп отыр. Алайда "Челси" футболшының бағасын көтерген. Бастапқыда лондондық клуб трансферді 120 миллион еуро көлемінде талқылауға дайын болса, қазір 140 миллион еуро талап етіп отыр.

Аргентиналық жартылай қорғаушының өзі де клуб ауыстыруға мүдделі. Ол Энцо Мареска жетекшілігімен жұмыс істеуге қарсы емес.

Сонымен қатар "Манчестер Сити" Нико Гонсалесті сатуға жақын. Испаниялық жартылай қорғаушы "Ньюкаслмен" келіссөз жүргізіп жатыр және жақын арада жаңа клубымен келісімшартқа отыруы мүмкін.

Фернандес "Челси" сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетеді. Аргентиналық футболшының қазіргі келісімшарты 2032 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt мәліметінше, 25 жастағы жартылай қорғаушының нарықтағы құны 100 миллион еуроға бағаланады.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport