Трансфер нарығында ең қымбат Қазақстан біріншілігінің футболшылары анықталды

©"Тобыл" ФК

Transfermarkt порталы трансфер нарығында ең қымбат ҚПЛ ойыншыларының тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бұл тізім бойынша, ең қымбат футболшы Игорь Сергеев атанып тұр. Оның трансферлік құны - 1,7 миллион еуро.

Екінші сатыда "Қайраттың" қорғаушысы Яцек Гуральски. Портал бұл футболшыны 1,6 миллион еуроға бағалаған. 

Ал үшінші орынды "Қайраттың" шабуылшысы Хосе Канте мен "Астана" шабуылшысы Мохаммед Камара бөлісіп тұр. Екеуі де 1,4 миллион еуро тұрды. 

Қазақстандық футболшылар арасында ең қымбаты - "Ақсу" командасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен. Жартылай қорғаушының құны - 1 миллион еуро. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport