Тірі өлік секілді. Футболсыз қалған ПСЖ шабуылшысында депрессия басталды

Сурет:sovsport.ru
"Пари Сен-Жермен" дәрігері команданың шабуылшысы Анхель Ди Марияның жағдайына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Le Parisien.

Ақпарат бойынша, медициналық штаб өкілі франциялық клуб басшылығына 32 жастағы футболшының ұйқысы өзгергені туралы ақпарат берген. Ол бойынша Ди Марияның ұйқысы қашып, мазасыздық пен уақытша депрессияға шалдыққан екен. 

Спортшыға бұлай әсер еткен Футболдың жаппай тоқтап қалуы болып отыр. Ал Ди Марияның әйелі ері тірі өлікке ұқсап кеткенін айтқан. 

Пандемияға байланысты көптеген спорт шаралары тоқтатылған болатын. Франция чемпионатының 2019/2020 маусымы уақытынан бұрын аяқталған еді. Осылайша, ПСЖ ел чемпионы атанды.