Жарнама

Футбол
Бүгін 16:15
 

"Тоттенхэмнің" экс-директоры Қазақстан футбол федерациясына Бас хатшы болды

  Пікірлер

blog.share

"Тоттенхэмнің" экс-директоры Қазақстан футбол федерациясына Бас хатшы болды ©ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясына Бас хат тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

blog.share

Қазақстан футбол федерациясына Бас хат тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін Бас хатшы қызметіне тағайындауды бекітті. Скотт Мунн 2026 жылдың 13 шілдесінде өз қызметіне кіріседі.

– Бұл тағайындау қазақ футболы тарихында алғаш рет болып отыр. Федерация басшылығына Англия Премьер-лигасында жұмыс өтілі бар, Еуропаның беделді клубтық турнирінің бірінде жеңіске жеткен тәжірибелі маман тағайындалды, деп жазылған хабарламада.

С.Мунн федерацияның жаңа басшылығы бастаған реформаларды жалғастырады. Оған төрешілік жүйесін жетілдіру, академиялар мен инфрақұрылымды дамыту, клубтарды басқару және лицензиялау стандарттарын арттыру, тұрақты коммерциялық және медиа базаны қалыптастыру, сондай-ақ УЕФА және ФИФА ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту міндеті қойылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!